«Жалпы білім беретін мектептердің арнайы сынып педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту» педагогтердің біліктілігін арттыру курсы
Бағдарламаның мақсаты: тыңдаушылардың психикалық дамуы тежелген
және арнайы сынып жағдайында оқуда қиындықтарға тап болған білім алушыларға
педагогикалық қолдауды ұйымдастыру бойынша кәсіби құзыреттілігін жетілдіру. Бағдарламаның міндеттері:
Оқу нәтижелері:
- проблемалары бар балалардың негізгі топтарына арнайы (түзетуші) білім беруді білу және түсіну;
- жалпы білім беретін мектептердің арнайы сыныптарында ПДТ оқушыларды оқытудың ұйымдастыру-педагогикалық шарттарын білу және түсіну;
- ПДТ балаларға арналған арнайы сыныптарда түзету-білім беру процесінің технологияларын түсіну және қолдану;
- математиканы оқуда және сөйлеу дағдыларын меңгеруде қиындықтарға тап болған балаларды педагогикалық қолдау дағдыларын жетілдіру;
- оқу материалдарын әзірлеу бойынша дағдыларын жетілдіру