Мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары мен әдіскерлеріне арналған «Мектепке дейінгі ұйымдағы менеджмент практикасы: балаларды дамыту бағдары» біліктілікті арттыру курсы
Бағдарламаның мақсаты: мектепке дейінгі ұйымдарды басқару бойынша мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары мен әдіскерлерінің кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру
Бағдарламаның міндеттері:- басқаруды ұйымдастырудың ғылыми-дәлелді нысандарын енгізу бойынша білімді кеңейту;
- өзекті әлемдік трендтерді мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнына интеграциялау қажеттілігін түсіндіру;
- тыңдаушылардың мектепке дейінгі білім беру мазмұнын оқу-әдістемелік қамтамасыз ету туралы білімін жандандыру және практикалық қызметте қолдану;
- «Сабақты зерттеу» және «Іс-әрекетті зерттеу» тәсілдерін іске асыру шеңберінде зерттеу дағдыларын дамытуға жәрдемдесу;
- мектепке дейінгі ұйымды уақтылы ішкі инспекциялау дағдыларын қалыптастыру;
- мектепке дейінгі тәрбие сапасын ішкі қамтамасыз ету үшін стандарттарды қолдануды және осы процесті басқаруға саналы түрде дайын болуды үйрету;
- жанжалды жағдайларды талдау және оларды тиімді басқару;
- мектепке дейінгі ұйымның даму жоспарын әзірлеу дағдыларын қалыптастыру.
Оқыту нәтижелері:
Тыңдаушылар:
- мектепке дейінгі ұйымды басқарудың теориялық негіздері туралы білімді жандандырады;
- қазіргі әлемдік трендтерді мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнына интеграциялау қажеттілігін түсінетін болады;
- мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын оқу-әдістемелік қамтамасыз ету бойынша жаңартылған нормативтік құжаттарды қолдануды үйренеді;
- мектепке дейінгі ұйымда сабақты зерттеуді жоспарлауды үйренеді;
- мектепке дейінгі ұйымда сапаны бақылауды, реттеуді жүзеге асыратын болады;
- мектепке дейінгі тәрбие сапасын ішкі қамтамасыз ету үшін стандарттарды енгізу бойынша құзыреттілікті арттырады;
- жанжалдарды шешу бойынша тиімді кадрлық шешімдерді талдап, қабылдай алатын болады;
- мектепке дейінгі ұйымның даму жоспарын әзірлеуді және іске асыруды үйренеді;