Auto Enrol

Мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары мен әдіскерлеріне арналған «Мектепке дейінгі ұйымдағы менеджмент практикасы: балаларды дамыту бағдары» біліктілікті арттыру курсы


Бағдарламаның мақсаты: мектепке дейінгі ұйымдарды басқару бойынша мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары мен әдіскерлерінің кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру

Бағдарламаның міндеттері:

  • басқаруды ұйымдастырудың ғылыми-дәлелді нысандарын енгізу бойынша білімді кеңейту;
  • өзекті әлемдік трендтерді мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнына интеграциялау қажеттілігін түсіндіру;
  • тыңдаушылардың мектепке дейінгі білім беру мазмұнын оқу-әдістемелік қамтамасыз ету туралы білімін жандандыру және практикалық қызметте қолдану;
  • «Сабақты зерттеу» және «Іс-әрекетті зерттеу» тәсілдерін іске асыру шеңберінде зерттеу дағдыларын дамытуға жәрдемдесу;
  • мектепке дейінгі ұйымды уақтылы ішкі инспекциялау дағдыларын қалыптастыру;
  • мектепке дейінгі тәрбие сапасын ішкі қамтамасыз ету үшін стандарттарды қолдануды және осы процесті басқаруға саналы түрде дайын болуды үйрету;
  • жанжалды жағдайларды талдау және оларды тиімді басқару;
  • мектепке дейінгі ұйымның даму жоспарын әзірлеу дағдыларын қалыптастыру.

Оқыту нәтижелері:

Тыңдаушылар:

  • мектепке дейінгі ұйымды басқарудың теориялық негіздері туралы білімді жандандырады;
  • қазіргі әлемдік трендтерді мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнына интеграциялау қажеттілігін түсінетін болады;
  • мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын оқу-әдістемелік қамтамасыз ету бойынша жаңартылған нормативтік құжаттарды қолдануды үйренеді;
  • мектепке дейінгі ұйымда сабақты зерттеуді жоспарлауды үйренеді;
  • мектепке дейінгі ұйымда сапаны бақылауды, реттеуді жүзеге асыратын болады;
  • мектепке дейінгі тәрбие сапасын ішкі қамтамасыз ету үшін стандарттарды енгізу бойынша құзыреттілікті арттырады;
  • жанжалдарды шешу бойынша тиімді кадрлық шешімдерді талдап, қабылдай алатын болады;
  • мектепке дейінгі ұйымның даму жоспарын әзірлеуді және іске асыруды үйренеді;

Курс көлемі: 80 академиялық сағат