Қазақстан Республикасының жалпы білім беру ұйымдарының басшыларының біліктілігін арттыру курсы

Бағдарламаның мақсаты

Үздік әлемдік педагогикалық тәсілдер мен білім беру тәжірибесі негізінде Қазақстан Республикасы жалпы білім беру ұйымдары басшыларын кәсіби дамыту.

Бағдарламаның міндеттері:

1)   заманауи мектеп басшысының рөлі мен миссиясы, жеке тұлға ретінде және кәсіби тұрғыдан өзін-өзі жетілдіру, мұғалімдердің кәсіби дамуына қолдау көрсету туралы түсінігін дамыту;

2) басшылардың көшбасшылық және басқару, стратегиялық жоспарлау және болжау салаларында түйінді құзыреттіліктерін қалыптастыру;

3)   басшыларға өзінің қызметін, мұғалімдер мен оқушылардың қызметін жақсартуға бағытталған дағдыларды, жұмыс түрлерін, әдістер мен тәсілдерді үйрету;

4)  кәсіби және әлеуметтік әріптестікті орнату, ата-аналармен және жалпы жұртшылықпен бірлесіп жұмыс істеу, қоғамдастық құру жөніндегі тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру.