КУРС АВТОРЛАРЫ

Танирбергенова Анар Шынболатовна

   Педагогика ғылымдарының кандидаты, 

ҚР БҒМ "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағының иегері 

Кусаинов Габит Муканаевич

      Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент 

    Білім және ғылым саласындағы халықаралық сарапшы- аудитор (ISO 2014)

«МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ ЖӘНЕ ТҰЛҒАНЫҢ ӨЗ БАҒДАРЫН АЙҚЫНДАУЫ» МЕКТЕП ДИРЕКТОРЛАРЫНЫҢ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЛАРЫНЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ

Бағдарлама тыңдушылардың мектеп оқушыларының мамандықты дұрыс таңдауына қолдау көрсету үшін кәсіптік бағдар беру жұмысын тиімді ұйымдастырудың мазмұнын, формасын, әдіс-тәсілдерін жетілдіруге және оны өз тәжірибесіне ықпалдастыруға бағытталған.

МАҚСАТЫ:

Кәсіптік бағдар жұмысын тиімді ұйымдастырудың мазмұнын, формасын, әдіс-тәсілдерін жүзеге асыру бойынша тыңдаушылардың дағдысы мен білімін жетілдіру.

МІНДЕТТЕРІ:

  • жаңа мамандықтар атласына сәйкес кәсіптік бағдар жұмысы туралы білімін кеңейту
  • болашақта сұранысқа ие болатын мамандықтарға сай ХХІ ғасыр дағдыларын дамыту;
  • білім алушының қабілеттілігі мен кәсіптік бағыттылығын диагностикалау дағдыларын қалыптастыру; 
  • оқушының кәсіптік жолын таңдаудағы тұлғаның жеке даму моделін құру мен оны жүзеге асыруда ата-аналармен бірлескен жұмыстарды жоспарлау біліктерін жетілдіру.