Auto Enrol
«Білім берудегі менеджмент» білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру

Бағдарламаның мақсаты: білім беру ұйымын басқарудың тиімділігін арттыруда басшылардың менеджмент теориясы мен практикасы саласында кәсіби құзыреттілігін жетілдіру.

Бағдарламаның міндеттері:

  • Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы негізгі заңнамалық актілерін қарастыру және білім беру ұйымының қызметінде нормативтік құқықтық құжаттарды қолданудың практикалық аспектілерін талдау, мектепті басқаруда нормативтік құқықтық құжаттарды пайдалану дағдыларын дамыту;
  • басшының көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыру, өзгерістерді басқарудағы инновациялық менеджмент, ішкі бақылауды жоспарлау және іске асыру мәселелері бойынша білік- дағдыларын жетілдіру;
  • оқу-тәрбие процесінің сапасын мониторингілеу мен бағалаудың қазіргі заманғы әдістер-тәсілдері, түрлері мен құралдары және оларды басқарушылық шешімдер қабылдауда қолдану бойынша білімдерін кеңейту.

Оқыту нәтижелері:

Курс тыңдаушылары:

  • білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі үрдістері мен қағидаттарын айқындайды; білім беру ұйымының қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттардың ерекшеліктерін ажыратады және Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары негізінде мектеп қызметін басқару дағдыларын дамытады;
  • педагогикалық менеджмент, өзгерістерді басқару және мектепті дамытуды стратегиялық жоспарлау бойынша тәжірибесін жетілдіреді;
  • ішкі бақылауды іске асыруды жоспарлайды;
  • мониторингтің тұжырымдамалық негіздері мен оқу-тәрбие процесінің сапасын бағалауға талдау жасайды және білім беру ұйымы қызметінің нәтижелерін бағалауда мониторинг құралдарын қолданады;
  • деректерді талдау және интерпретациялау негізінде басқарушылық шешімдер қабылдаудың тиімді техникалары мен тәсілдерін қолдануды көрсетеді.