Auto Enrol


Бағдарламаның мақсаты: бастауыш және негізгі орта мектеп оқушыларының оқу сауаттылығын дамыту үшін педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру.  

Бағдарламаның міндеттері: 

  1. функционалдық оқу сауаттылығының ерекшеліктері мен деңгейлері туралы теориялық білім мен педагогтердің түсінігін жаңарту, оны мектептегі оқу үдерісінің тәжірибесінде қолдану; 
  2. әртүрлі жастағы және ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың оқу әрекетінің ерекшеліктерін ескере отырып, оқу сауаттылығын, оның ішінде электронды ортада дамыту тәсілдерін қарастыру; 
  3. тапсырмаларды әзірлеу және оқушылардың функционалдық оқу дағдыларын дамыту үшін пән бойынша (оқу мақсаттары) білім беру бағдарламаларының мазмұнын ашу. 

         Күтілетін нәтижелер:  

           Тыңдаушылар: 

  1. функционалдық оқу және оқу сауаттылық деңгейлерінің ерекше белгілерін, мәтін түрлерін, оқу мақсаттары мен оқу іс-әрекетінің кезеңдерін біледі;  
  2. білім алушылардың жас ерекшеліктерін және ерекше білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, оқушыларды оқу іс-әрекетіне тарту және оқу дағдыларын (соның ішінде электрондық ортада) дамытудың оңтайлы стратегияларын қолданады;  
  3. бастауыш және негізгі орта мектеп оқушыларының функционалдық және оқу сауаттылығының дағдыларын дамыту бойынша оқу мақсаттарына сәйкес пәндік сала бойынша тапсырмалар әзірлейді.