«Деректерді талдау негізінде мектепті басқару» білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру курсы
Бағдарламаның мақсаты: білім беру сапасын басқару үшін білім беру ұйымдары басшыларының аналитикалық құзыреттерін дамыту.
Бағдарламаның міндеттері:
- білім берудегі аналитиканың мақсаты мен міндеттерін, білім беру ұйымының жұмысын талдау модельдерін білу және түсіну;
- мектепте білім беру сапасын арттыру бойынша шешім қабылдау үшін деректерді талдау әдістерін қолдану дағдыларын дамыту;
- білім беру деректерін жинауды ұйымдастыру және деректерді жинау құралдарын әзірлеу бойынша білім мен дағдыларын қалыптастыру;
- оқыту мен білім беру сапасын жақсартуға бағытталған мұғалімнің аналитикалық қызметі туралы білімді қалыптастыру.
Күтілетін нәтижелер:
Тыңдаушылар:
- білім берудегі аналитиканың мақсаттары мен міндеттерін біледі, талдау жұмысының принциптерін түсінеді, білім беру ұйымының жұмысын талдау модельдерін біледі және түсінеді;
- білім беру процесінің проблемаларын анықтау және мектептің білім беру сапасын арттыру бойынша шешім қабылдау үшін мәліметтерді талдау әдістерін қолдана алады;
- білім беру деректерін жинау қызметінің ерекшеліктерін біледі және білім беру деректерін жинау үшін құралдарды әзірлей алады;
- оқыту мен білім беру сапасын жақсартуға ықпал ететін рефлексивті оқыту мен оқыту сапасын жүйелі талдаудың ерекшеліктерін біледі.