«Сабақты зерттеу: Қазақстан мектептерінің тәжірибесі»

облыстық ғылыми-практикалық конференциясын дайындау және өткізу 

Концепциясы 

Жалпы ережелер:

«Сабақты зерттеу: Қазақстан мектептерінің тәжірибесі» облыстық ғылыми-практикалық конференциясын дайындау және өткізудің осы Концепциясы ғылыми-практикалық конференцияның мақсаттарын, күтілетін нәтижелерін, жуық тәртібін және регламентін бекітеді. Облыстық ғылыми-практикалық конференцияның аясында пленарлық және тәжірибелік бөліктерін өткізу жоспарланып отыр.

 Конференцияны өткізудің өзектілігі:

«Сабақты зерттеу: Қазақстан мектептерінің тәжірибесі» облыстық ғылыми-практикалық конференциясын өткізу оқыту мен оқуды зерттеудің ағымдағы тәжірибесін біріктіруін және Сабақты зерттеуді жүзеге асыру бойынша өзекті мәселелерді талқылауды болжап отыр. Облыстық ғылыми-практикалық конференциясының шеңберінде педагогтардың барлық санатын біріктіру келешекте облыс мектептерінің мұғалімдерінің зерттеу тәжірибесін жүзеге асыру үдерісінің біртұтастығын қамтамасыз етеді.

 Конференцияның мақсаты:

- «Сабақты зерттеу» жобасын жүзеге асырып отырған Павлодар облысының білім беру ұйымдарының және педагогикалық кадрларды даярлайтын жоғары оқу орындары мен колледждердің зерттеу нәтижелерін ұсыну және тарату.

 Конференцияның күтілетін нәтижелері:

·         Сабақты зерттеу тақырыбы асында тәжірибе алмасу үшін Павлодар облысының педагогтарына диалогтік алаңды ұсыну;

·         Сабақты зерттеу тақырыбына арналған тезистер мен баяндамалар жинағын әзірлеу;

 Конференцияның өтетін уақыты мен орны:

«Сабақты зерттеу: Қазақстан мектептерінің тәжірибесі» облыстық ғылыми-практикалық конференциясы 2022 жылы 26-желтоқсанда Павлодар қ. химия-биология бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі» базасында офлайн форматта өтеді. Қатысушыларды тіркеу 2022 жылдың 14-қарашасында ашылады. Конференция ақылы негізде өткізіледі. Тіркелу жарнасы 4 000 теңгені құрайды.

 Конференцияны ұйымдастырушылары мен ұйымдастыру комитеті:

·         «Педагогикалық шеберлік орталығы» ЖМ Павлодар қ. филилалы;

·         Павлодар қ. Химия-биология бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі»;

·         Павлодар облысының Білім беру басқармасы Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы

 Конференцияның жұмыс бағыттары:

·         Аралас оқу жағдайында Сабақты зерттеу үдерісін ұйымдастыру және басқару;

·         Сабақты зерттеу: білім алушылардың оқу жетістіктері;

·         Сабақты зерттеу: мұғалімдердің кәсіби өсуі;

·         Сабақты зерттеу тәсілін қолдану нәтижелері: жаңа мүмкіндіктер мен педагогикалық ашылымдар;

·         Іс-әрекеттегі зерттеу: тиімділік құралдары;

·         Жоғары оқу орындары мен колледждердің зерттеушілік тәжірибесі: ерекшеліктері мен бағыттары.

Конференцияға қатысу формалары:

·         Таныстырылым сүйемелдеуіндегі баяндама (7-10 минуттан артық емес);

·         Постерлік таныстырылым;

·         Конференция жинағына баяндама;

·         Конференцияға қатысу

Конференцияның ұйымдастырушылары пленарлық мәжіліске және Конференцияның тректеріне баяндама үшін материалдарды іріктеу құқығын өздеріне қалдырады.

 Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі

 Конференцияға қатысу тәртібі:

Келесі сілтеме бойынша төлем жасау және конференцияға қосылу https://sdo.cpm.kz/local/crw/course.php?id=1087

Баяндамалардың абстрактілері pavlodar@cpm.kz электронды поштасына 2022 жылдың 20-желтоқсанға дейін жіберілуі тиіс.

Конференцияның онлайн трансляциясы тіркелген қатысушылар үшін ZOOM платформасында өткізіледі.

Конференция қатысушыларына электронды сертификат беріледі.

 Байланыс ақпараты:

«Педагогикалық шеберлік орталығы» ЖМ Павлодар қ. филилалы, Павлодар қ., Едіге Би көшесі, 71 Б, тел. 8 (7182) 704333; 87056027536

 Электрондық хатқа тіркелген құжаттарға қойылатын талаптар:

1. Файлдардың атаулары:

·         Т.А.Ә. – Жинақ үшін баяндама.doc (Мысалы: Асанов А.А. – Жинақ үшін баяндама.doc)

·         Т.А.Ә. – Баяндаманың таныстырылымы.pptx (Мысалы: Асанов А.А. – Баяндаманың таныстырылымы.pptx)

2. Баяндаманың таныстырылымына қойылатын талаптар:

2.1 Таныстырылым мазмұны:

·         автор(лар)дың өзіндің зерттеуіне негізделген;

·         автор(лар) шынайы тәжірибесінен алынған нақты мысалдарды кіріктіреді;

·         нақты нәтижелер мен қорытындылар ұсынылған.

 2.2 Таныстырылым *.pptx форматында ұсынылады.

2.3 Таныстырылымның көлемі 3 слайдтан артық емес.

2.4 Материал қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылуы мүмкін. ,

Концепция

подготовки и проведения областной научно-практической 

конференции «Исследование урока: опыт Казахстанских школ»

Общее положение:

Настоящая Концепция подготовки и проведения областной научно-практической конференции «Исследование урока: опыт Казахстанских школ» устанавливает цели, ожидаемый результат, примерный порядок и регламент, проводимой научно-практической конференции. В рамках областной научно-практической конференции планируется проведение пленарной и практической части.

 Актуальность проведения Конференции:

Проведение областной научно-практической конференции «Исследование урока: опыт Казахстанских школ» предполагает консолидацию текущего опыта исследования практики преподавания и обучения, а также обсуждение актуальных вопросов реализации Исследования урока. Объединение всех категорий педагогов в рамках работы областной научно-практической конференции обеспечит целостный процесс дальнейшей реализации исследования практики учителями в школах области.

 Цель Конференции:

- представление и распространение результатов исследований педагогическими образовательными организациями Павлодарской области, реализующими проект «Исследование урока», а также высшими учебными заведениями и колледжами, осуществляющими подготовку педагогических кадров.

 Ожидаемые результаты конференции:

- предоставить диалоговую площадку педагогам Павлодарской области для обмена опытом в рамках тематики Исследования урока;

- создать сборник тезисов и докладов, посвященный тематике Исследования урока;

 Время и место проведения мероприятий Конференции:

Областная научно-практическая конференция «Исследование урока: опыт Казахстанских школ» состоится 26 декабря 2022 г. на базе «Назарбаев Интеллектуальной школы» химико-биологического направления г.Павлодар. Формат проведения конференции офлайн. Регистрация участников до 20 декабря 2022 года.

Конференция проводится на платной основе. Регистрационный взнос за участие 4 000 тенге.

 Организаторы Конференции/ Оргкомитет Конференции:

·         Филиал ЧУ «Центр педагогического мастерства» в г.Павлодар

·         «Назарбаев Интеллектуальная школа» химико-биологического направления в г.Павлодар

·         Инновационный центр развития образования Управления образования Павлодарской области

 Направления работы Конференции:

—Организация и управление процессом Исследования урока в условиях смешанного обучения;

—Исследование урока: учебные достижения учащихся;

—Исследование урока: профессиональный рост учителей;

—Результаты применения подхода Исследование урока: новые возможности и педагогические открытия;

—Исследование в действии: инструменты эффективности;

Исследовательская практика высших учебных заведений и колледжей: особенности и направления

Формы участия в Конференции:

·         выступление с презентацией (не более 7-10 мин.);

·         постерная презентация;

·         доклад в сборник конференции.

Организаторы Конференции оставляют за собой право отбора материалов для выступлений на пленарном совещании и на треках Конференции.

 Рабочие языки Конференции: казахский, русский, английский

 Порядок участия в Конференции:

Произвести оплату и участие в конференции  https://sdo.cpm.kz/local/crw/course.php?id=1087

Тезисы выступления, доклады и материалы постерной презентации высылаются на электронную почту pavlodar@cpm.kz до 20 декабря 2022 года.

Участники Конференции получают электронный сертификат.

 Контакты: Филиал «Центр педагогического мастерства» в г.Павлодар, ул. Едіге Би, 71 Б, тел. 8 (7182) 704333, 87056027536

 Требования к прикрепленным к электронному письму документов: 

1. Название файлов:

·         Ф.И.О. – Доклад в сборник (Например: Иванов И.И. – Доклад.doc)

·         Ф.И.О. – Презентация к докладу (Например: Иванов И.И. – презентация.pptx)

 2. Требования к презентации доклада:

2.1 Содержание презентации:

·         основано на собственном исследовании автора(ов);

·         включает конкретные примеры из аутентичной практики автора(ов);

·         представлены конкретные результаты и выводы.

 2.2 Презентация предоставляется в формате *.pptx.

2.3 Объем презентации не более 3 слайдов.

2.4 Материал может быть представлен на казахском, русском и английском языках.