«Оқыту әдістемесі мен технологиялары» аудандық білім бөлімдері әдіскерлерінің біліктілігін артыру курсы
Бағдарламаның мақсаты: тиімді оқыту және оқу идеяларын жүзеге асыруды қолдау үшін аудандық білім бөлімдері әдіскерлерінің кәсіби біліктілігін жетілдіру.
Бағдарламаның міндеттері:
- тиімді оқыту туралы тұжырымдамалық түсінік қалыптастыру;
- Тыңдаушылардың оқу процесін жоспарлау және талдау дағдыларын қалыптастыруды қамтамасыз ету;
- мектеп тәжірибесінде қолдану және тарату үшін оқыту әдістері мен технологияларын меңгеру;
- педагогтің тиімді сабақты құрылымдау дағдыларын тәжірибе жүзінде қалыптастыру.
Оқудан күтілетін нәтижелер:
Тыңдаушылар:
- тиімді оқытудың мақсаттары мен міндеттері туралы түсінік қалыптастырады;
- оқыту және оқу процесін жоспарлауды үйренеді;
- оқыту әдістері мен технологияларын біледі және мектепте білім беру процесінде қолданады, сабақты талдау дағдыларын меңгереді;
- тиімді сабақты құрылымдау дағдыларын меңгереді.