Құрметті курсқа қатысушы!
«Оқу зертханасы – оқимыз, түсінеміз, қолданамыз» онлайн курсы Сізге күнделікті өмірде кездесетін мәтіндер мен олардың ерекшеліктері туралы көбірек білуге, оқуды қалай пайдалы және тиімді етуге болатынын түсінуге, функционалды оқу дағдыларын жақсарту үшін әртүрлі тәсілдерді қолдана отырып жаттығуға көмектесу үшін әзірленген.
Онлайн курс материалдарының мазмұнымен танысу барысында Сіз:
- «Оқу сауаттылығы» деген не екендігі және оқу сауаттылығы қалай бағаланатыны туралы біле аласыз.
- Тұтас және тұтас емес мәтіндердің ерекшеліктерін, монитордан оқудың ерекшеліктерін анықтайсыз.
- ХХІ ғасыр адамының оқу тәжірибесіндегі non-fiction әдебиет пен комикстердің өзектілігін бағалай аласыз.
- Ақпаратты түсіну және қолдану үшін әрбір мәтін түрімен жұмыс істеу тәсілдерін қолданып көресіз.
- Қазіргі ақпараттық қоғамдастықта өмір сүру үшін оқу дағдыларының маңыздылығын бағалай аласыз.
- Ата-аналарға арналған тақырыпты қарастыру үйде оқуды ұйымдастыру нұсқаларымен танысуға және оқу сауаттылығын дамытуда балаларға қолдау көрсетудің тиімді тәсілдерін таңдауға көмектеседі.
Курс зертханалық жұмыс түрінде құрылымдалған үш модульден тұрады:
- Біз дұрыс оқи білеміз бе?
- Оқимыз, түсінеміз, қолданамыз.
- Баланың ойлы оқырман болуына қалай көмектесуге болады.
Әрбір модуль ұсынылған ақпаратты тереңірек түсінуге мүмкіндік беретін материалдар мен тапсырмаларды қамтитын тақырыптар түрінде ұсынылған. Сіз барлық ұсынылған материалдарды зерделей аласыз немесе өзіңізді қызықтыратын материалдарды таңдай аласыз.
Курста оқу асинхронды форматта жүргізіледі. Сіз компьютер, ноутбук, планшет немесе смартфонды қолдана отырып, курс материалдарымен жұмыс істеу үшін өзіңізге ыңғайлы уақытты таңдай аласыз және оқу ұзақтығын белгілей аласыз.
Оқуыңыз қызықты және пайдалы болуына тілектеспіз!
"Курсқа кіру" батырмасы шығуы үшін осы бетті жаңартыңыз (обновить)
