Курсқа қабылдауды баптау


 «Биология сабағында бейімді-белсенді оқыту» педагогтердің біліктілігін арттыру курсы


Бағдарламаның мақсаты: бейімді-белсенді оқытуды сапалы жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту 

Бағдарламаның міндеттері:

  • биология пәні мұғалімдерінің дербестендірілген, даралап оқыту және бейімделген  оқыту туралы теориялық білімін өзектендіру;
  • бейімді-белсенді оқыту тұжырымдамасын және оны педагог тәжірибесінде іске асыру ерекшеліктерін зерделеу;
  • CogBooks дербестендірілген онлайн платформасында жұмыс істеу дағдыларын меңгеру;
  • 11-12-сыныптарда биология пәнін оқытуда CogBooks платформасы арқылы оқушылардың үлгерімін талдау және бағалау бойынша тұжырым (интерпретация) жасау  дағдыларын қалыптастыру. 

Күтілетін нәтижелер: 

Тыңдаушылар:

  • дербестендірілген оқыту жүйесіндегі бейімді-белсенді оқытудың рөлі туралы білетін болады;  
  • оқу процесінде CogBooks дербестендірілген онлайн платформасын қолданады;
  • CogBooks платформасы ұсынатын оқушылардың оқу үлгерімі деректерін талдау және бағалау негізінде оқуда қиындықтары бар оқушыларды анықтай алады;  
  • оқушылар оқу бағдарламасын ойдағыдай меңгеруі үшін   CogBooks  платформасының деректері негізінде жеке оқу траекториясын жоспарлайды.

Курс көлемі: 40 академиялық сағат.

Guests cannot access this course. Please log in.