«AR NIS» жобасы

Augmented Reality (AR) – бұл гаджеттерді (планшеттер немесе смартфондар) және оларға арналған бағдарламалық жасақтаманы (қосымшаны) қолдана отырып, нақты уақыт режимінде сандық мазмұнды шынайы әлемге шығару технологиясы. AR технологиясы Орталық дайындаған бастауыш сынып оқулықтарында практикалық қолдануды тапты. AR – бұл оқуды қызықты әрі тиімді ететін заманауи технология. 

AR белсенді білім беру ортасын құруға, мотивацияны арттыруға және оқу процесін көпжақты виртуалды тәжірибеге айналдыруға мүмкіндік береді:

  • нақты процесті және әрбір бөлшекті бөлек көруге мүмкіндік беретін объектілерді көлемдік модельдеу (3D);
  • күрделі ұғымдарды түсінуге және есте сақтауға мүмкіндік беретін бейнені қолдана отырып теориялық материалды визуализациялау;
  • сирек кездесетін табиғи процестер мен құбылыстардың дыбыстарын естуге мүмкіндік беретін дыбыстарды есту.

«AR NIS» қосымшалары Google PlayMarket және AppStore ақысыз қол жетімді.




Соңғы өзгеріс: Сейсенбі, 8 Маусым 2021, 8:52