Курсқа қабылдауды баптау


«Мектептегі биология сабағы: басымдықтар және жетілдіру стратегиялары»  педагогтердің біліктілігін арттыру курсы

Бағдарламаның мақсаты: биология мұғалімдерінің пәндік білім саласындағы, инклюзивті орта қалыптастырудағы және оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудағы кәсіби құзыреттілігін арттыру.

Бағдарламаның міндеттері:

1)  Тыңдаушылардың пәндік білімін тереңдету, оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес тәжірибеде жүзеге асыру дағдыларын дамыту;

2)  жаратылыстану сауаттылығын дамытуға арналған тапсырмаларды орындау және талдау дағдыларын жетілдіру;

3)  мұғалімдердің қосымша әдебиеттермен жұмыс істеу, оқу ресурстарын таңдау және пайдалану, оқушылардың жас ерекшеліктеріне және ерекше қажеттіліктеріне сәйкес тапсырмалар әзірлеу дағдыларын дамыту;

4)  жаратылыстану және биология сабағында инклюзивті оқыту ортасын құру дағдыларын қалыптастыру;

5)  қалыптастырушы бағалау тапсырмалары мен бөлім бойынша және тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеу дағдыларын жетілдіру.

Күтілетін нәтижелер:

1)  тыңдаушылар негізгі және орта мектептегі жаратылыстану және биология курстары бойынша пәндік білімін жүйелейді және тереңдетеді;

2)  пән бөлімдері бойынша күрделілігі әртүрлі есептерді шығару дағдыларын жетілдіреді;

3)  ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытудағы қиындықтарды ескере отырып, оқу тапсырмаларын әзірлеуді үйренеді;

4)  оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың жаратылыстану сауаттылығын дамыту бойынша тапсырмалар әзірлеу тәжірибесін жетілдіреді;

5)  бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу дағдыларын жетілдіреді.

Курс көлемі: 160 академиялық сағат.
ПШО филиалдарының контактілері https://sdo.cpm.kz/local/staticpage/view.php?page=03_11

Guests cannot access this course. Please log in.