Auto Enrol


«Оқыту тәжірибесін жетілдірудегі мектеп педагогтерінің аналитикалық құзыреттілігі» педагогтердің біліктілігін арттыру курсы


Бағдарламаның мақсатыоқыту тәжірибесін жетілдіру үшін мектеп педагогінің аналитикалық құзыреттілігін дамыту.

Бағдарламаның міндеттері:

  • білім берудегі аналитиканың мақсаты мен міндеттері, құралдары туралы білім мен түсінікті қалыптастыру;
  • педагогикалық проблеманы (міндетті) айқындау және оны тиімді шешу жолдарын таба білу қабілетін қалыптастыру;
  • пән бойынша оқу сапасының деңгейін анықтау үшін деректерді талдау әдістерін қолдану дағдыларын дамыту;
  • білім сапасын арттыру және оқыту тәжірибесін жетілдіру бойынша шешімдер қабылдау үшін ағымдағы бақылау деректерін талдау дағдысын дамыту;
  • Microsoft Power BI Desktop деректерді талдау құралының мүмкіндігімен таныстыру.

Күтілетін нәтижелер

Тыңдаушылар:

  • білім берудегі аналитиканың мақсаттары мен міндеттерін біледі, аналитикалық жұмыстың принциптері мен құралдарын түсінеді;
  • пән бойынша оқу сапасының деңгейін анықтау үшін деректерді талдау әдістерін қолданады;
  • білім сапасын арттыру және оқыту тәжірибесін жетілдіру бойынша шешімдер қабылдау үшін ағымдағы бақылау деректерін талдайды;
  • білім беру деректерін талдауда цифрлық құралдарды қолданады (MS Excel, MS Power BI, т.б.).