«Физика» пәнінен бағалау тапсырмаларын әзірлеу және сараптау
Курстың мақсаты – орта білім беру мазмұнын
жаңарту аясында критериалды бағалау құралдарын әзірлеу және сараптама жасауда
педагогтердің кәсіби біліктілік деңгейін арттыру.
Міндеттері:
1) бағалау құралдарын әзірлеу және сараптама жасаудың негізгі тәсілдерін қарастыру;
2) бағалау процесінде қолданылатын тапсырмалардың түрлері мен сипатын көрсету;
3) бағалау құралдарын әзірлеу және сараптама жасауды үйрету.
Курста оқу барысында бағалаудың теориялық аспектілері, критериалды бағалау қағидаттары, тапсырмалардың түрлері, ашық және жабық тапсырмалардың ерекшеліктері зерделенеді. Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмаларды құрастыру кезеңдері, бөлім және тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеу алгоритмдері қарастырылады. Бағалау критерийлерін анықтау, әр түрлі тапсырмаларды әзірлеу, тапсырмаларға дескрипторлар және тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмалары үшін балл қою схемасын құрастыруға ерекше назар аударылады. Мұғалімдердің бағалау нәтижелерімен жұмыс істеу дағдысын дамыту үшін бағалау сапасын қамтамасыз ету мәселесі, бағалау нәтижелерін талдау жоспарланған. Бөлім бойынша және тоқсандық жиынтық бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және оларға сараптама жасау дағдыларын дамыту үшін практикалық жұмыс орындау көзделген.