«Химия» пәні бойынша «Бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптау»
Курс бағдарламасы бағалау құралдарын әзірлеудің негізгі тәсілдерін қарастыруға және пән мұғалімдеріне бағалау құралдарын - бағалау критерийлерін, тапсырмалар мен дескриптторларды, балл қою кестелерін әзірлеу және сараптама жасауда әдістемелік көмек көрсетуге бағытталған.
Курстың мақсаты - орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында
критериалды бағалау құралдарын әзірлеу және сараптама жасауда педагогтердің
кәсіби біліктілік деңгейін арттыру болып табылады.
Курста оқу нәтижесінде Сіз:
• критериалды бағалау құралдарын әзірлеудің негізгі тәсілдері туралы біліміңізді кеңейтесіз;
• критериалды бағалау процесінде қолданылатын тапсырмалардың түрлері мен сипаттамалары туралы біліміңіз мен түсінігіңізді кеңейтесіз;
• бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау тапсырмасын әзірлеу және оларға дескрипторларды құрастыру бойынша өз тәжірибеңізді дамытасыз;
• тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмасын әзірлеу және балл қою кестесін құрастыру дағдыларын жетілдіресіз;
• критериалды бағалау құралдарына сараптама жасау және бағалау нәтижесін талдау әдістерін игересіз.