Price: Курс аяқталды


Қазақ тілінде оқытатын "Қазақ тілі" мен "Қазақ әдебиеті" пәндері бойынша "Бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптау"

Бағдарламаның мақсаты: орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бағалау тапсырмаларын әзірлеу және сараптама жасау саласында педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру.

Бағдарламаның міндеттері:

1)  бағалау құралдарын әзірлеу және сараптама жасаудың негізгі тәсілдерін зерделеу;

2)  бағалау процесінде қолданылатын тапсырмалардың түрлері мен сипатын көрсету;

3)  бағалау құралдарын әзірлеу мен сараптама жасауды үйрету.


Ұсынылып отырған курс бағалаудың теориялық аспектілерімен, бағалау процесін ұйымдастыруда қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдерімен, бағалау түрлерімен, бағалауда басшылыққа алатын қағидаттарымен таныстырады. Критериалды бағалау жүйесінде қолданылатын тапсырмалардың түрлері мен сипатын ашып көрсетеді. Критериалды бағалау құралдарын әзірлеуді және оларға сараптама жасауды үйретеді. Курс бойынша біліктілікті арттыру барысында практикалық тапсырмаларды орындау ұсынылады және критериалды бағалау  процесінде туындайтын мәселелердің шешімін табуына қатысты ұсыныстар мен нұсқаулар беріледі. Соңында тәуелсіз бағалау жүргізіледі.