Auto Enrol

«МЕКТЕПТЕГІ ФИЗИКА САБАҒЫ: БАСЫМДЫҚТАР ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ» ПЕДАГОГТЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ КУРСЫ

Бағдарламаның мақсаты: физика пәні мұғалімдерінің пәндік білім саласындағы, инклюзивті білім беру, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту, пәнді оқыту сапасын арттыру үшін оқу жетістіктерін бағалауға арналған тапсырмалар әзірлеу саласындағы кәсіби құзыреттілігін арттыру.

Бағдарламаның міндеттері:

  • тыңдаушылардың теориялық білімі мен физиканы оқытудың практикалық аспектілерін жетілдіру;
  • оқушылардың жаратылыстану сауаттылығын дамытуға арналған тапсырмаларды орындау және талдау дағдыларын жетілдіру;
  • оқушылардың қажеттіліктерін ескере отырып және тиімді оқыту стратегияларын қолдана отырып білім беру процесін құрылымдау дағдыларын қалыптастыру;
  • бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу дағдысын дамытуға ықпал ету;
  • оқу мақсаттарына сәйкес және оқушылардың қажеттіліктерін ескере отырып қысқа мерзімді жоспар әзірлеу дағдыларын қалыптастыру.

Күтілетін нәтижелер:

Курс тыңдаушылары:

  • теориялық білім деңгейін және физиканы оқытудың практикалық аспектілерін жетілдіреді;
  • оқушылардың жаратылыстану сауаттылығын дамытуға арналған тапсырмаларды орындау және талдау, оларды оқу мақсаттарына сәйкес тәжірибеде қолдану дағдыларын жетілдіреді;
  • оқушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін ескере отырып және тиімді оқыту стратегияларын қолдана отырып білім беру процесін құрылымдауды үйренеді;
  • бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу процесін жетілдіреді;
  • оқу мақсаттарына сәйкес және оқушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, қысқа мерзімді жоспар әзірлеуді үйренеді.

Курс көлемі: 160 академиялық сағат.

ПШО филиалдарының контактілері https://sdo.cpm.kz/local/staticpage/view.php?page=03_11