«МЕКТЕПТЕГІ «ҚАЗАҚ ТІЛІ» ЖӘНЕ «ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ» САБАҚТАРЫ: БАСЫМДЫҚТАР ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ» ПЕДАГОГТЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ КУРСЫ
Бағдарламаның мақсаты: білім алушылардың ерекше қажеттіліктерін қанағаттандыруда, бағалаудың теориялық және практикалық аспектілерін қолдануда мұғалімнің пәндік құзыреттілігі мен функционалдық сауаттылығын жетілдіру.
Бағдарламаның
міндеттері:
- қазақ тілін және қазақ әдебиетін оқытуда мұғалімнің практикалық және пәндік құзыреттілік деңгейін жетілдіру;
- білім алушылардың метатанымдық дағдыларын дамытудың практикалық тәсілдерін меңгеру;
- оқыту үдерісінде әр білім алушының қабілеті мен қажеттілігін ескере отырып, инклюзивті білім беруді жетілдіру;
- білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауда модификациялау тәсілдерін тиімді қолдану жолдарын меңгеру;
- білім алушылардың ерекше қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін инклюзивті оқу ортасын құруға бағытталған сабақ жоспарын әзірлеу.
Оқу нәтижелері:
Тыңдаушылар
- оқытудың әртүрлі әдіс-тәсілдерін қолданып, практикалық тапсырмаларды түрлендіру әдістемесін жетік меңгереді;
- білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауда баламалы оқу жоспарына сай тапсырмаларды іріктейді, тәжірибеде тиімді қолданады;
- инклюзивті білім берудің теориялық негіздерін талдайды, білім алушылардың оқу нәтижелерін бағалау жолдарын меңгереді;
- баламалы оқу жоспарына сай білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың бейімделген тәсілдерін тиімді қолданады;
- педагогикалық-психологиялық қолдау көрсету арқылы инклюзивті оқу ортасын құруға бағытталған сабақ жоспарын әзірлейді.
Курс көлемі: 120 академиялық сағат.
ПШО филиалдарының контактілері https://sdo.cpm.kz/local/staticpage/view.php?page=03_11