Auto Enrol

«Бастауыш мектептегі сабақ: басымдықтар және жетілдіру стратегиялары» педагогтердің  біліктілігін арттыру курсы

Бағдарламаның мақсаты: бастауыш сынып мұғалімдерінің пәннің мазмұны, бағалау және инклюзивті білім беру мәселелері бойынша кәсіби құзыреттілігін жетілдіру.

Бағдарламаның міндеттері:

1)  бастауыш сыныптарда оқытылатын пәндердің мазмұны арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру қажеттілігі туралы түсінік беру;

2)  бастауыш сыныптарда оқытылатын пәндердің заманауи мазмұнына сәйкес тыңдаушылардың пәндік-педагогикалық білімін кеңейту және күрделі тақырыптарды оқыту тәсілдемелерін анықтау;

3)  бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуды қамтамасыз ететін сабақ жоспарларын әзірлеу және инклюзивті білім беру ортасын жобалау дағдыларын дамыту;

4)  ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды өзара сыйластық пен ынтымақтастыққа негізделген білім беру процесіне қатыстырудың қажеттілігі туралы түсінік қалыптастыру;

5)  ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытудағы қиындықтар мен кедергілерді анықтау үшін педагогикалық диагностикалау нұсқаларын қарастыру;

6)  ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың жеке білім беру траекториясын жоспарлауды үйрету;

7)  бағалау құралдарын әзірлеудің негізгі тәсілдемелерін, тапсырмалардың сипаттамаларын қарастыру және оларды әртүрлі бағалау тапсырмаларын әзірлеуде қолдану.

Оқу нәтижелері:

Тыңдаушылар:

1)  оқушылардың функционалдық сауаттылығын пән мазмұны арқылы қалыптастырудың маңыздылығын бағалайды;

2)  бастауыш сынып пәндері бойынша оқушылар үшін меңгеруде  қиындық тудыратын тақырыптарды оқыту тәсілдемелерін таңдайды;

3)   бастауыш сынып пәндері бойынша күрделі тақырыптарды меңгерту тәсілдемелерін қамтитын және  оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуды қамтамасыз ететін сабақ жоспарларын әзірлеу;

4)  ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытудағы  қиындықтарды және олардың себептерін анықтайды;

5)  сыныптағы инклюзивті білім беру ортасын жобалайды;

6)  ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың жеке білім беру траекториясын жоспарлайды;

7)  бағалауға арналған әртүрлі тапсырмаларды әзірлейді және оларға дескрипторлар құрастырады.

Курс көлемі: 120 академиялық сағат.

ПШО филиалдарының контактілері https://sdo.cpm.kz/local/staticpage/view.php?page=03_11