«МЕКТЕПТЕГІ ИНФОРМАТИКА САБАҒЫ: БАСЫМДЫҚТАР ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ» ПЕДАГОГТЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ КУРСЫ
Бағдарламаның мақсаты: информатика мұғалімдерінің пәндік білім саласында, инклюзивті оқу ортасын құру және білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауда кәсіби құзыреттілігін жетілдіру.
Бағдарламаның міндеттері:
- Тыңдаушылардың пән бойынша білімдерін оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес іске асырудағы білік-дағдыларын дамыта отырып тереңдету;
- оқушыларға қиын тақырыптарды оқыту бойынша тиімді әдіс-тәсілдер туралы түсінігін кеңейту;
- пәнді оқытуда пайдаланатын қосымша әдебиеттер мен әдістемелік ресурстарды оқушылардың жас ерекшеліктері мен оқу қажеттіліктеріне сәйкес іріктеу және тапсырмалар әзірлеу дағдысын дамыту;
- оқушылардың креативті ойлау және функционалдық сауаттылығын қалыптастыратын тапсырмалар әзірлеу саласындағы білік-дағдыларын дамыту;
- информатика сабағында инклюзивті оқу ортасын құру бойынша білік-дағдыларын қалыптастыру.
Оқу нәтижесі:
Тыңдаушылар:
- жалпы білім беретін мектептердегі информатика бөлімдері бойынша пәндік білімін жүйелейді және тереңдетеді;
- информатика пәнінің бөлімдері бойынша күрделілігі әртүрлі тақырыптарды сыныпта тиімді оқыту дағдыларын жетілдіреді;
- сыныптағы ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың оқудағы қиындықтарына сәйкес оқу тапсырмаларын әзірлейді;
- оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту және оқу мақсаттарына сәйкес оқу жетістіктерін бағалау тапсырмаларын әзірлеу тәжірибесін жақсартады;
- оқушылардың жеке мүмкіндіктері мен ерекше білім беру қажеттіліктерін ескеру арқылы барлығын оқу процесіне тартуды жоспарлау мен іске асыру жолдарын үйренеді.
Курс көлемі: 160 академиялық сағат.
ПШО филиалдарының контактілері https://sdo.cpm.kz/local/staticpage/view.php?page=03_11