«Биология» пәнінен бағалау тапсырмаларын әзірлеу және сараптау
Курс бағдарламасы бағалау құралдарын әзірлеудің негізгі тәсілдерін қарастыруға және пән мұғалімдеріне бағалау құралдарын - бағалау критерийлерін, тапсырмалар мен дескрипторларды, балл қою кестелерін әзірлеу және сараптама жасауда әдістемелік көмек көрсетуге бағытталған.
Курстың мақсаты: орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында критериалды бағалау құралдарын әзірлеу және сараптама жасауда педагогтердің кәсіби құзіреттілігін арттыру.
Курстың міндеттері:
· критериалды бағалау құралдарын әзірлеудің негізгі тәсілдерін зерделеу;
· критериалды бағалау процесінде қолданылатын тапсырмалардың түрлері мен сипаттамалары туралы білімі мен түсінігін кеңейту;
· бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмасын әзірлеу және оларға дескрипторларды құрастыру бойынша өз тәжірибесін жетілдіру;
· тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмасын әзірлеу және балл қою кестесін құрастыру дағдыларын жетілдіру;
· критериалды бағалау құралдарына сараптама жасау және бағалау нәтижесін талдау әдістерін игеру.