Auto Enrol


«Мектептегі тарих сабағы: басымдықтар және жетілдіру стратегиялары» педагогтердің біліктілігін арттыру курсы

Бағдарламаның мақсаты: тарихты зерттеудің әдіснамалық және концептуалдық негіздері, тарихи концептілер негізінде оқытудағы зерттеушілік тәсілдеме, тарих сабағында инклюзивті орта құру және оқушылардың тарихи ойлау дағдыларын бағалау салаларында мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін дамыту.

Бағдарламаның міндеттері:

1) тарихты зерттеудің әдіснамалық және концептуалдық негіздері бойынша білім мен түсініктерін дамыту;

2) тарихи концептілер негізінде зерттеуге негізделген оқытуды жоспарлау дағдыларын дамыту;

3) оқушылардың тарихи ойлау және функционалдық оқу сауаттылығы дағдыларын бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу дағдыларын қалыптастыру;

4) барлық оқушылардың сапалы білім алуына тең қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін тарих сабақтарында инклюзивті орта құру бойынша білім мен дағдыларын қалыптастыру.

Күтілетін нәтижелер:

1) тарихты зерттеудің әдіснамалық және концептуалдық негіздерін білу және түсіну;

2) зерттеу мәселесі шеңберінде тарихи дереккөздермен жұмыс бойынша оқушылардың зерттеу қызметін жоспарлай білу;

3) оқушылардың тарихи ойлау және функционалдық оқу сауаттылығы дағдыларын бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлей алу;

4) барлық оқушыларды олардың ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, оқуға тартуды жоспарлау қабілеті.

Курс көлемі: 120 академиялық сағат

ПШО филиалдарының контактілері https://sdo.cpm.kz/local/staticpage/view.php?page=03_11