«Мектептегі химия сабағы: басымдықтар және жетілдіру стратегиялары» педагогтердің біліктілігін арттыру курсы
Бағдарламаның мақсаты: «Химия» пәні мұғалімдерінің пәндік білім саласындағы, инклюзивті орта қалыптастырудағы және оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудағы кәсіби құзыреттілігін арттыру.
Бағдарламаның міндеттері:
1) Тыңдаушылардың пәндік білімін тереңдету, оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес тәжірибеде жүзеге асыру дағдыларын дамыту;
2) жаратылыстану сауаттылығын дамытуға арналған тапсырмаларды орындау және талдау дағдыларын жетілдіру;
3) мұғалімдердің қосымша әдебиеттермен жұмыс істеу, оқу ресурстарын таңдау және пайдалану, оқушылардың жас ерекшеліктеріне және ерекше қажеттіліктеріне сәйкес тапсырмалар әзірлеу дағдыларын дамыту;
4) химия сабағында инклюзивті оқыту ортасын құру дағдыларын қалыптастыру;
5) қалыптастырушы бағалау тапсырмалары мен бөлім бойынша және тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеу дағдыларын жетілдіру.
Күтілетін нәтижелер:
1) тыңдаушылар негізгі және орта мектептегі химия курсы бойынша пәндік білімін жүйелейді және тереңдетеді;
2) пән бөлімдері бойынша күрделілігі әртүрлі есептерді шығару дағдыларын жетілдіреді;
3) ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытудағы қиындықтарды ескере отырып, оқу тапсырмаларын әзірлеуді үйренеді;
4) оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың жаратылыстану сауаттылығын дамыту бойынша тапсырмалар әзірлеу тәжірибесін жетілдіреді;
5) бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу дағдыларын жетілдіреді.
Курс көлемі: 160 академиялық сағатПШО филиалдарының контактілері https://sdo.cpm.kz/local/staticpage/view.php?page=03_11