«МЕКТЕПТЕГІ МАТЕМАТИКА САБАҒЫ: БАСЫМДЫҚТАР ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ» ПЕДАГОГТЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ КУРСЫ
Бағдарламаның мақсаты:
математика мұғалімдерінің пәндік білім саласында, инклюзивті оқу ортасын құру және білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауда кәсіби құзыреттілігін жетілдіру
Бағдарламаның міндеттері:
- Тыңдаушылардың пән бойынша білімдерін оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес іске асырудағы білік-дағдыларын дамыта отырып тереңдету;
- оқушыларға қиын тақырыптар бойынша математикалық есептерді шығарудың тиімді әдіс-тәсілдері туралы түсінігін кеңейту;
- пәнді оқытуда пайдаланатын қосымша әдебиеттер мен әдістемелік ресурстарды оқушылардың жас ерекшеліктері мен оқу қажеттіліктеріне сәйкес іріктеу және тапсырмалар әзірлеу дағдысын дамыту;
- оқушылардың креативті ойлау, математикалық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған тапсырмалар әзірлеу саласындағы білік-дағдыларын дамыту;
- математика сабағында инклюзивті оқыту ортасын құру бойынша білік-дағдыларын қалыптастыру.
Оқу
нәтижесі:
Тыңдаушылар:
- жалпы білім беретін мектептердегі математика курсы бойынша пәндік білімін жүйелейді және тереңдетеді;
- мектептегі математика бөлімдері бойынша күрделілігі әртүрлі есептерді шығару дағдыларын жетілдіреді;
- ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың оқу қиындықтарын ескере отырып оқу тапсырмаларын әзірлейді;
- оқу мақсаттарына сәйкес білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту және оқу жетістіктерін бағалау бойынша тапсырмалар әзірлеу тәжірибесін жетілдіреді;
- оқушылардың жеке мүмкіндіктері мен ерекше білім беру қажеттіліктерін ескеру арқылы барлығын оқу процесіне тартуды жоспарлау мен іске асыру жолдарын үйренеді.
Курс көлемі: 160 академиялық сағат.
ПШО филиалдарының контактілері https://sdo.cpm.kz/local/staticpage/view.php?page=03_11