«Мектептегі қазақ тілі мен әдебиеті сабағы: басымдықтар және жетілдіру стратегиялары» педагогтердің біліктілігін арттырау курсы

Бағдарламаның мақсаты: қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің пәндік білім саласында, инклюзивті оқу ортасын құру және білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауда кәсіби құзыреттілігін жетілдіру.

Бағдарламаның міндеттері:

Тыңдаушылардың:

1)  пән бойынша білімдерін оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес іске асырудағы білік-дағдыларын дамыта отырып тереңдету;

2)  тілдің грамматикасын, лексикасын оқыту және бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру деңгейлерінде тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын дамытудың әдіс-тәсілдері туралы түсінігін кеңейту;

3)  пәнді оқытуда пайдаланатын оқу ресурстарын оқушылардың жас ерекшеліктері мен оқу қажеттіліктеріне сәйкес іріктеу, тапсырмаларды әзірлеу дағдысын дамыту;

4)  қазақ тілі мен әдебиеті сабағында инклюзивті оқу ортасын құру дағдыларын қалыптастыру.

5)  бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу дағдыларын жетілдіру.

Оқу нәтижесі:

Тыңдаушылар:

1)  пән мазмұнын оқу бағдарламасының талаптары деңгейінде жүзеге асыруды үйренеді;

2)  оқу мақсаттарына сәйкес сөйлеу әрекетінің түрлерін ұйымдастырудың тиімді әдіс-тәсілдерін практикада қолдану дағдыларын жетілдіреді;

3)  ерекше қажеттіліктері бар балалардың оқудағы қиындықтарына сәйкес оқу тапсырмаларын әзірлейді;

4)  оқушылардың жеке мүмкіндіктері мен ерекше білім беру қажеттіліктерін ескеру арқылы барлығын оқу процесіне тартуды жоспарлау мен іске асыру жолдарын үйренеді.

5)  оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту және оқу мақсаттарына сәйкес оқу жетістіктерін бағалау тапсырмаларын әзірлеу тәжірибесін жақсартады.

Курс көлемі: 120 академиялық сағат.

ПШО филиалдарының контактілері https://sdo.cpm.kz/local/staticpage/view.php?page=03_11