Орыс тілінде оқытатын «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндері бойынша «Бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптау» 

 Бағдарламаның мақсаты:

Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бағалау тапсырмаларын әзірлеу және сараптама жасау саласында педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру. 

 Бағдарламаның міндеттері: 

1) бағалау құралдарын әзірлеу және сараптама жасаудың негізгі тәсілдерін көрсету; 

2) бағалау процесінде қолданылатын тапсырмалардың түрлері мен сипатын көрсету; 

3) бағалау құралдарын әзірлеу мен сараптама жасауды үйрету. 

 Оқу нәтижесі: 

1) мұғалімдер бағалау құралдарын әзірлеу және сараптама жасаудың негізгі тәсілдерін біледі және түсінеді; 

2) бағалау тапсырмаларын әзірлеу және сараптама жасау дағдыларын қолданады; 

3) оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін критериалды бағалау жүйесін қолданады.