«Дене шынықтыру» пәні бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру
Бағдарламаның мақсаты: пәндер бойынша Оқу бағдарламаларын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу мәнмәтінінде мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру.
Бағдарламаның міндеттері:
1) мұғалімдердің пәндер бойынша Оқу бағдарламаларының мазмұнын білуін қамтамасыз ету;
2) пәндер бойынша Оқу бағдарламаларына сәйкес педагогикалық тәсілдер мен оқу материалдарын қолдануды үйрету;
3) пәндер бойынша Оқу бағдарламаларына сәйкес оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін критериалды бағалау жүйесін қолдануды үйрету.
Оқу нәтижелері:
1) мұғалімдер пәндер бойынша Оқу бағдарламаларының мақсаттарын, міндеттерін, құрылымын және мазмұнын біледі және түсінеді;
2) мұғалімдер пәндер бойынша Оқу бағдарламаларына сәйкес педагогикалық тәсілдерді, оқу материалдарын қолдана біледі;
3) мұғалімдер пәндер бойынша Оқу бағдарламаларына сәйкес оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін критериалды бағалау жүйесін түсінеді және қолдана біледі.
Курс көлемі: 80 академиялық сағат
Курс бағасы: 16000 теңге
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!!
Курс синхронды форматта (нақты уақыт режимінде) өтеді. Күн сайын орындалған тапсырмалар мен жекелеген мәселелерді талқылау бойынша вебинар өткізіледі.
Сертификат алу үшін келесі талаптарды орындау қажет:
- тренердің барлық вебинарына белсенді қатысу;
- күнделікті тапсырмаларды орындау;
- бағалау процесінен өту.
Егер Сізде «Дене шынықтыру» пәнінен орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында педагог кадрлардың біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламалары бойынша сертификатыңыз болса, бұл курс Сіз үшін міндетті емес.
Төлем бетіне өтпес бұрын алдымен өз аймағыңыздағы Педагогикалық шеберлік орталығының (ПШО) филиалына хабарласыңыз.
ПШО филиалдарының контактілері https://sdo.cpm.kz/local/staticpage/view.php?page=03_11