«Физика» пәні бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру
Бағдарламаның мақсаты: пән бойынша оқу бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру.
Бағдарламаның міндеттері:
- мұғалімдердің пән бойынша оқу бағдарламасының мазмұнын білуін қамтамасыз ету;
- пән бойынша оқу бағдарламасына сәйкес педагогикалық тәсілдер мен оқу материалдарын қолдануды үйрету;
- пән бойынша оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін критериалды бағалау жүйесін қолдануды үйрету.
Оқу нәтижелері:
- мұғалімдер пән бойынша оқу бағдарламасының мақсаттарын, міндеттерін, құрылымын және мазмұнын біледі және түсінеді;
- мұғалімдер пән бойынша оқу бағдарламасына сәйкес педагогикалық тәсілдерді, оқу материалдарын қолдана біледі;
- мұғалімдер пән бойынша оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін критериалды бағалау жүйесін түсінеді және қолдана біледі.
Курс көлемі: 80 академиялық сағат
Курс бағасы: 16000 теңге
Бағалаумен: 19900 теңге
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!!
Курс синхронды форматта (нақты уақыт режимінде) өтеді. Күн сайын орындалған тапсырмалар мен жекелеген мәселелерді талқылау бойынша вебинар өткізіледі.
Сертификат алу үшін келесі талаптарды орындау қажет:
- тренердің барлық вебинарына белсенді қатысу;
- күнделікті тапсырмаларды орындау;
- бағалау процесінен өту.
Егер Сізде «Физика» пәнінен орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында педагог кадрлардың біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламалары бойынша сертификатыңыз болса, бұл курс Сіз үшін міндетті емес.
Төлем бетіне өтпес бұрын алдымен өз аймағыңыздағы Педагогикалық шеберлік орталығының (ПШО) филиалына хабарласыңыз.
ПШО филиалдарының контактілері https://sdo.cpm.kz/local/staticpage/view.php?page=03_11