Автозачисление

«Қолданбалы зерттеулерді жүргізу әдіснамасы» колледж және жоғары оқу орындары оқытушыларының біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы

Бағдарламаның мақсатытыңдаушылардың қолданбалы зерттеу жұмысын тиімді ұйымдастырудағы және білім алушылардың  болашақ кәсіби қызметінде қолданбалы зерттеу жұмыстарымен айналысуға дайындаудағы кәсіби білімі мен дағдыларын жетілдіру.

Бағдарламаның міндеті:

1)  қолданбалы зерттеудің әдіснамалық негіздері, ғылыми таным әдістері және логикасы туралы білімдерін кеңейту және тереңдету;

2)  қолданбалы зерттеу барысында  әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс істеу және іздеу, деректерді жинау мен ғылыми ақпаратты өңдеу, зерттеу нәтижелерін рәсімдеу дағдыларын жетілдіру;

3)  тыңдаушылардың кәсіби тәжірибесін жетілдіруде Іс әрекеттегі зерттеу (Action research) және Сабақты зерттеу (Lesson study)  әдістерін кіріктіру жағдайларын зерделеу;

4) тыңдаушылардың білім алушыларды оқыту процесінде зерттеу жұмысына дайындауды ұйымдастыруға, білім алушылардың  болашақ кәсіби қызметінде зерттеу дағдыларын қалыптастыруға ықпал ету.