«Қолданбалы зерттеулерді жүргізу әдіснамасы» колледж және жоғары оқу орындары оқытушыларының біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы
Бағдарламаның мақсаты: тыңдаушылардың қолданбалы зерттеу жұмысын тиімді ұйымдастырудағы және білім алушылардың болашақ кәсіби қызметінде қолданбалы зерттеу жұмыстарымен айналысуға дайындаудағы кәсіби білімі мен дағдыларын жетілдіру.
Бағдарламаның міндеті:
1) қолданбалы зерттеудің әдіснамалық негіздері, ғылыми таным әдістері және логикасы туралы білімдерін кеңейту және тереңдету;
2) қолданбалы зерттеу барысында әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс істеу және іздеу, деректерді жинау мен ғылыми ақпаратты өңдеу, зерттеу нәтижелерін рәсімдеу дағдыларын жетілдіру;
3) тыңдаушылардың кәсіби тәжірибесін жетілдіруде Іс әрекеттегі зерттеу (Action research) және Сабақты зерттеу (Lesson study) әдістерін кіріктіру жағдайларын зерделеу;
4) тыңдаушылардың білім
алушыларды оқыту процесінде зерттеу жұмысына дайындауды ұйымдастыруға, білім алушылардың болашақ кәсіби қызметінде зерттеу дағдыларын қалыптастыруға
ықпал ету.