!!! НАЗАР АУДЫРЫҢЫЗ !!! 
!!! КУРСҚА ЖАЗЫЛУ АЯҚТАЛДЫ. ЖАЗЫЛУҒА ӨТІНІМДЕР ҚАБЫЛДАНБАЙДЫ !!! 



Орыс тілді мектептердегі «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсы

   Курс орыс тілді мектептердегі «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен жаңартылған оқу бағдарламасын зерделеуге бағытталған. Мұғалімдер пән бойынша оқу бағдарламасының құрылымын, педагогикалық тәсілдерді, бағалау тетіктерін, аспектілерін қарастырады.

Мақсаты: пән бойынша оқу бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу мәнмәтінінде мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру.

Міндеттері:

1) мұғалімдердің пән бойынша оқу бағдарламасының мазмұнын білуін қамтамасыз ету;

2) пән бойынша оқу бағдарламасына сәйкес педагогикалық тәсілдер мен оқу материалдарын қолдануды үйрету;

3) пән бойынша оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін критериалды бағалау жүйесін қолдануды үйрету.

Оқу нәтижелері:

1) мұғалімдер пән бойынша оқу бағдарламасының мақсаттарын, міндеттерін, құрылымын және мазмұнын біледі және түсінеді;

2) мұғалімдер пән бойынша оқу бағдарламасына сәйкес педагогикалық тәсілдерді, оқу материалдарын қолдана біледі.

3) мұғалімдер пән бойынша оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін критериалды бағалау жүйесін түсінеді және қолдана біледі.

Курс көлемі 160 академиялық сағат


Назар аударыңыз! Егер сіз "Білім беру мазмұнын жаңарту" курсын бұрын оқысаңыз, қайта оқу міндетті емес.