!!! НАЗАР АУДЫРЫҢЫЗ !!! 
!!! КУРСҚА ЖАЗЫЛУ АЯҚТАЛДЫ. ЖАЗЫЛУҒА ӨТІНІМДЕР ҚАБЫЛДАНБАЙДЫ !!! 


Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пәндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсы

Бағдарламаның мақсаты: бастауыш сынып пәндері бойынша оқу бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру.

Бағдарламаның  міндеттері:

1)  бастауыш сыныптарға арналған жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымымен, ондағы материалдардың күрделілігінің өсу ретімен, мазмұнымен және мақсаттарымен таныстыру;

2)  бастауыш сыныптарға арналған жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес келетін педагогикалық тәсілдерді қалай әзірлеу керектігін түсінуін, қолдана білуін қамтамасыз ету;

3)  бастауыш сыныптарға арналған жаңартылған білім беру бағдарламасынан күтілетін нәтижелерге қол жеткізу мақсатында критериалды бағалау жүйесін түсініп, қолдана білуін қамтамасыз ету;

4)  бастауыш сыныптарға арналған жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті дағдыларды дамыту.


Назар аударыңыз! Егер сіз "Білім беру мазмұнын жаңарту" курсын бұрын оқысаңыз, қайта оқу міндетті емес.