«Тиімді оқыту мен оқу» педагогтердің
біліктілігін арттыру курсы
Бағдарлама мақсаты:
білім
берудегі заманауи үрдістер мен қоғам талаптарын ескере отырып, оқушылардың
тиімді оқыту мен оқу тәжірибесін қамтамасыз ету үшін педагогтердің білімін
тереңдету және кәсіби құзыреттілігін дамыту.
Бағдарлама мінденттері:
- балалар қалай оқып-үйренетіні туралы білім беру саласындағы заманауи зерттеулерді зерделеу;
- тәжірибе жүзінде қолданылып жүрген жоспарлау, оқыту және бағалау тәсілдерін Бағдарлама мазмұнында ұсынылатын тәсілдермен салыстыру, оқушылардың пән бойынша және пәннен тыс білімі мен дағдыларын дамытудағы олардың маңыздылығын бағалау;
- сабақтар топтамасын, бір сабақты жоспарлау, оқу мақсатына қол жеткізуді қамтамасыз ететін тапсырмалар әзірлеу, метапәндік және икемді дағдыларды қалыптастыру дағдыларын дамыту;
- өз тәжірибесі мен әріптестердің тәжірибесі бойынша рефлексияны қамтамасыз ету.
Бағдарламадан күтілетін нәтижелер:
Педагог:
- оқушыларды оқыту мен дамытудың заманауи тәсілдері туралы біледі;
- әріптестерімен жоспарлау, оқыту мен тәрбиелеуге қатысты мәселелерді талқылайды;
- сабақтарды жоспарлайды, оқушылардың жас ерекшеліктері мен тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып оқыту әдістерді таңдайды, қажетті бағалау құралдарын айқындайды;
- заманауи оқыту тәсілдерін ескере отырып тізбектелген сабақтар топтамасын өткізеді және оқыту мен дамыту бойынша күтілетін нәтижелерге қол жеткізеді;
- өзінің оқыту және оқу тәжірибесін талдайды және жақсарту қажет тұстарын айқындайды.
Барлық оқу кезеңіндегі академиялық сағаттардың жалпы саны 296 сағатты құрайды, оның ішінде: қашықтықтан оқыту 200 сағат, мектептегі тәжірибе 96 сағат.
Оқу жоспары оқытудың келесі кезеңдерін көрсетеді:
- бірінші кезең – теориялық (синхронды оқыту) (160 сағат көлемінде);
- мектептегі тәжірибе (асинхронды оқыту) (96 сағат көлемінде);
- екінші кезең - рефлексивті (синхронды оқыту) (40 сағат көлемінде).
ПШО филиалдарының контактілері https://sdo.cpm.kz/local/staticpage/view.php?page=03_11