Өзгеріс көшбасшылары: заманауи колледжді басқаруға жаңаша көзқарас (болашақ басшыларды даярлау)
Бағдарламаның мақсаты: көшбасшылық тұжырымдамалары негізінде Тыңдаушылардың колледжді тиімді басқару үшін қажет кәсіби-тұлғалық және басқарушылық құзыреттілігін дамыту.
Бағдарламаның міндеттері:
- жаһандық сын-талаптар мен қазіргі әлемдегі өзгерістер жағдайында көшбасшылық феномені туралы білімді қалыптастыру және түсінікті дамыту;
- ТжКОББ дамытуда құндылықтарына бағдарланған оқыту мен тәрбиелеу тәсілдемесін іске асыру бойынша білім, дағдыларын жетілдіру;
- басшының имиджі мен жеке брендін қалыптастыру үшін көшбасшылық қасиеттерін, өзінің тұлғалық дамуын басқару дағдыларын дамыту;
- кәсіптік білім беруді дамыту үрдістерін ескеріп, басқарушылық міндеттерді тиімді шешу үшін көшбасшылық дағдыларды дамыту.
Бағдарламаның күтілетін нәтижелері:
Тыңдаушылар
- жаһандық сын-талаптар мен қазіргі әлемдегі өзгерістер жағдайында көшбасшылық феномені бойынша білімі мен түсінігін көрсетеді;
- ТжКОББ заманауи даму жағдайында құндылыққа бағдарланған оқыту мен тәрбиелеу тәсілдемелерін іске асыру дағдыларын меңгереді;
- көшбасшылық қасиеттерін көрсетеді және басшының имиджі мен жеке брендін қалыптастыру үшін өзінің тұлғалық дамуын басқаруға қабілетті болады;
- басқарушылық міндеттерді тиімді шешу үшін кәсіптік білім беру үрдістерін ескере отырып, көшбасшылық дағдыларын қолдана алады.