Auto Enrol

Өзгеріс көшбасшылары: заманауи мектепті басқаруға жаңаша көзқарас (болашақ басшыларды даярлау) (базалық денгей)

Бағдарламаның мақсаты: Тыңдаушылардың көшбасшылық қабілеттері мен мектепті тиімді басқарудағы кәсіби құзыреттілігін дамыту.  

Бағдарламаның міндеттері:  

  1. ХХІ ғасырдың заманауи үрдістері мен талаптары жағдайында және Қазақстан Республикасында мектепте білім беруді дамытудың стратегиялық мақсаттары шеңберінде жалпы білім беретін мектептегі көшбасшылық және басқару идеяларын пайымдау және тұжырымдау;  
  2. Тыңдаушылардың көшбасшылық және өзгерістерді басқару шеңберінде мектепте оқыту мен тәрбиелеуде құндылыққа бағдарланған тәсілдемені жүзеге асырудағы білімі мен дағдыларын жетілдіру; 
  3. мектеп директорларының өзгеріс көшбасшысы ретінде кәсіби бренді мен имиджін қалыптастырудағы кәсіби-тұлғалық құзыреттілігін жетілдіруге ықпал ету; 
  4. Тыңдаушылардың мектеп басшысының жеке профилін дамыту және өзін-өзі басқару психологиясы бойынша психологиялық, басқарушылық, рефлексиялық және ұйымдастыру дағдыларын меңгеруін қамтамасыз ету. 

Бағдарламаның күтілетін нәтижелері:  

Тыңдаушылар 

  • ХХІ ғасырдың заманауи үрдістері мен талаптары жағдайында және Қазақстан Республикасында мектепте білім беруді дамытудың стратегиялық мақсаттары шеңберінде жалпы білім беретін мектептегі көшбасшылық және өзгерістерді басқару  туралы идеяларды тұжырымдайды;  
  • мектептегі көшбасшылық және өзгерістерді басқару шеңберінде мектепте оқыту мен тәрбиелеуде құндылыққа бағдарланған тәсілдемені жүзеге асыру бойынша білім мен дағдыларды меңгереді; 
  • көшбасшылық психологиясы тұжырымдамасы шеңберінде өзгеріс көшбасшысы ретінде мектеп директорының тұлғалық харизмасын, кәсіби бренді мен имиджін қалыптастырудағы кәсіби-тұлғалық құзыреттілігін дамытады; 
  • мектеп басшысының жеке профилін дамыту және өзін-өзі басқару психологиясы бойынша психологиялық, басқарушылық, рефлексиялық және ұйымдастыру дағдыларын жетілдіреді.