Өзгеріс көшбасшылары: заманауи мектепті басқаруға жаңаша көзқарас (болашақ басшыларды даярлау) (базалық денгей)
Бағдарламаның мақсаты: Тыңдаушылардың көшбасшылық қабілеттері мен мектепті тиімді басқарудағы кәсіби құзыреттілігін дамыту.
Бағдарламаның міндеттері:
- ХХІ ғасырдың заманауи үрдістері мен талаптары жағдайында және Қазақстан Республикасында мектепте білім беруді дамытудың стратегиялық мақсаттары шеңберінде жалпы білім беретін мектептегі көшбасшылық және басқару идеяларын пайымдау және тұжырымдау;
- Тыңдаушылардың көшбасшылық және өзгерістерді басқару шеңберінде мектепте оқыту мен тәрбиелеуде құндылыққа бағдарланған тәсілдемені жүзеге асырудағы білімі мен дағдыларын жетілдіру;
- мектеп директорларының өзгеріс көшбасшысы ретінде кәсіби бренді мен имиджін қалыптастырудағы кәсіби-тұлғалық құзыреттілігін жетілдіруге ықпал ету;
- Тыңдаушылардың мектеп басшысының жеке профилін дамыту және өзін-өзі басқару психологиясы бойынша психологиялық, басқарушылық, рефлексиялық және ұйымдастыру дағдыларын меңгеруін қамтамасыз ету.
Бағдарламаның күтілетін нәтижелері:
Тыңдаушылар
- ХХІ ғасырдың заманауи үрдістері мен талаптары жағдайында және Қазақстан Республикасында мектепте білім беруді дамытудың стратегиялық мақсаттары шеңберінде жалпы білім беретін мектептегі көшбасшылық және өзгерістерді басқару туралы идеяларды тұжырымдайды;
- мектептегі көшбасшылық және өзгерістерді басқару шеңберінде мектепте оқыту мен тәрбиелеуде құндылыққа бағдарланған тәсілдемені жүзеге асыру бойынша білім мен дағдыларды меңгереді;
- көшбасшылық психологиясы тұжырымдамасы шеңберінде өзгеріс көшбасшысы ретінде мектеп директорының тұлғалық харизмасын, кәсіби бренді мен имиджін қалыптастырудағы кәсіби-тұлғалық құзыреттілігін дамытады;
- мектеп басшысының жеке профилін дамыту және өзін-өзі басқару психологиясы бойынша психологиялық, басқарушылық, рефлексиялық және ұйымдастыру дағдыларын жетілдіреді.