«Табысты білім беру ортасын қалыптастыруға арналған бағалау тәсілдері» педагогтердің біліктілігін арттыру курсы
Бағдарламаның мақсаты: оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау дағдыларын дамытуға бағытталған педагогикалық шарттарды құрастыру мен жүзеге асырудағы педагогтердің рөлі туралы білім мен түсінікті жетілдіру.
Бағдарламаның міндеті:
- оқушылардың оқу нәтижелерін бағалаудағы басқа елдердің тәжірибесін зерделеу;
- академиялық адалдық мәдениетін жүзеге асыру және нығайту ерекшеліктерін ашу;
- пелагогтердің қалыптастырушы және жиынтық бағалауды дамытуда дидактикалық потенциалды қолдайтын оқыту әдістерін қолдану дағдыларын дамыту;
- жиынтық және қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу дағдыларын жетілдіру;
- бағалау критерийлерімен жұмыс істеу және ақыл-ой дағдыларының деңгейлері бойынша оқу тапсырмаларын құрастыру бойынша тәжірибелік дағдыларды дамыту.
Оқыту нәтижелері:
Тыңдаушылар:
- пәндік саланың ерекшеліктеріне сәйкес білім алушылардың жетістіктерін бағалау процесін ұйымдастыру және өткізу;
- бөлім/жалпы тақырып бойынша жиынтық бағалау алгоритмі бойынша тапсырмалар әзірлеу;
- қалыптастырушы бағалауға арналған ашық немесе жабық тест тапсырмаларын әзірлеу;
- эмоционалдық тепе-теңдік пен саналы іс-әрекетке негізделген кері байланысты қамтамасыз ету.