«Табысты білім беру ортасын қалыптастыруға арналған бағалау тәсілдері» педагогтердің біліктілігін арттыру курсы

Бағдарламаның мақсаты: оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау дағдыларын дамытуға бағытталған педагогикалық шарттарды құрастыру мен жүзеге асырудағы педагогтердің рөлі туралы білім мен түсінікті жетілдіру.

Бағдарламаның міндеті:

  • оқушылардың оқу нәтижелерін бағалаудағы басқа елдердің тәжірибесін зерделеу;
  • академиялық адалдық мәдениетін жүзеге асыру және нығайту ерекшеліктерін ашу;
  • пелагогтердің қалыптастырушы және жиынтық бағалауды дамытуда дидактикалық потенциалды қолдайтын оқыту әдістерін қолдану дағдыларын дамыту;
  • жиынтық және қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу дағдыларын жетілдіру;
  • бағалау критерийлерімен жұмыс істеу және ақыл-ой дағдыларының деңгейлері бойынша оқу тапсырмаларын құрастыру бойынша тәжірибелік  дағдыларды дамыту.

Оқыту нәтижелері:

Тыңдаушылар:

  • пәндік саланың ерекшеліктеріне сәйкес білім алушылардың жетістіктерін бағалау процесін ұйымдастыру және өткізу;
  • бөлім/жалпы тақырып бойынша жиынтық бағалау алгоритмі бойынша тапсырмалар әзірлеу;
  • қалыптастырушы бағалауға арналған ашық немесе жабық тест тапсырмаларын әзірлеу;
  • эмоционалдық тепе-теңдік пен саналы іс-әрекетке негізделген кері байланысты қамтамасыз ету.