Мектептегі дене шынықтыру сабағы: басымдықтар және жетілдіру стратегиялары
Бағдарламаның мақсаты: «Дене шынықтыру» пәні педагогтерінің пәндік білім,
инклюзивті білім беру ортасын құру және оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау
саласында кәсіби құзыреттілігін жетілдіру.
Бағдарламаның міндеттері:
Тыңдаушылардың:
- оқыту мен тәрбиенің құндылыққа бағдарланған тәсілі және инклюзивті білім беру қағидаттарына сәйкес оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру бойынша білік-дағдыларын дамыту;
- оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып практикалық бағалау тапсырмаларын әзірлеу дағдысын жетілдіру;
- оқушылардың спорттық арнайы қозғалыс дағдылары мен дене қабілеттерін дамыту бойынша білімін тереңдету үшін «Дене шынықтыру» пәні оқу бағдарламасы бойынша пәндік білімін кеңейту;
- «Дене шынықтыру» пәнінен оқушылардың жеке білім беру қажеттіліктеріне, оқу мақсаттарына сәйкес бағалау тапсырмаларын әзірлеу және сабақ жоспарлау дағдысын жетілдіру.
Оқу нәтижесі:
Тыңдаушылар:
- оқыту мен тәрбиенің құндылыққа бағдарланған тәсіліне сәйкес оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру және инклюзивті оқу ортасын құру дағдысын көрсетеді;
- оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып бағалау тапсырмаларын әзірлейді;
- пән бойынша оқу бағдарламасының бөлімдерін талдайды және оларды оқытудың тиімді әдістерін анықтайды;
- барлық білім алушыларды оқу процесіне тартуға бағытталған әртүрлі стратегияларды қолданып, «Дене шынықтыру» пәнінен оқу мақсаттарына сәйкес сабақ жоспарлайды.
Курс көлемі: 80 сағат