Auto Enrol

Мектептегі дене шынықтыру сабағы: басымдықтар және жетілдіру стратегиялары

Бағдарламаның мақсаты: «Дене шынықтыру» пәні педагогтерінің пәндік білім, инклюзивті білім беру ортасын құру және оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау саласында кәсіби құзыреттілігін жетілдіру.

Бағдарламаның міндеттері:

Тыңдаушылардың:

  • оқыту мен тәрбиенің құндылыққа бағдарланған тәсілі және инклюзивті білім беру қағидаттарына сәйкес оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру бойынша білік-дағдыларын дамыту;
  • оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып практикалық бағалау тапсырмаларын әзірлеу дағдысын жетілдіру;
  • оқушылардың спорттық арнайы қозғалыс дағдылары мен дене қабілеттерін дамыту бойынша білімін тереңдету үшін «Дене шынықтыру» пәні оқу бағдарламасы бойынша пәндік білімін кеңейту;
  • «Дене шынықтыру» пәнінен оқушылардың жеке білім беру қажеттіліктеріне, оқу мақсаттарына сәйкес бағалау тапсырмаларын әзірлеу және сабақ жоспарлау дағдысын жетілдіру.

Оқу нәтижесі:

Тыңдаушылар:

  • оқыту мен тәрбиенің құндылыққа бағдарланған тәсіліне сәйкес оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру және инклюзивті оқу ортасын құру дағдысын көрсетеді;
  • оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып бағалау тапсырмаларын әзірлейді;
  • пән бойынша оқу бағдарламасының бөлімдерін талдайды және оларды оқытудың тиімді әдістерін анықтайды;
  • барлық білім алушыларды оқу процесіне тартуға бағытталған әртүрлі стратегияларды қолданып, «Дене шынықтыру» пәнінен оқу мақсаттарына сәйкес сабақ жоспарлайды.

Курс көлемі: 80 сағат