ПЕДАГОГТІ ДАМЫТУДЫҢ ПРАКТИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРЫ
Бағдарламаның мақсаты: сапалы оқыту және оқу идеяларын жүзеге асыру мақсатында мұғалімдердің кәсіби деңгейін жетілдіру.
Бағдарламаның міндеттері:
1) білім беруді дамытудағы заманауи трендтерді ескере отырып, білім беру процесіне өзгерістер енгізу қажеттілігін түсіну;
2) педагогтің кәсіби имиджінің құрамдас бөліктерін қарастыру;
3) шешендік өнер дағдыларын дамыту, ата-аналармен және балалармен тиімді қарым-қатынас жасау дағдыларын қолдану;
4) білім беру процесінде оқытудың белсенді әдістерін, құралдық сауаттылық әдістерін қолдану;
5) оқытудағы цифрлық технологиялар мен сервистердің рөлін талдай білу және SAMR моделін қарастыру.
Оқу нәтижелері:
Тыңдаушылар:
1) білім беруді дамытудағы заманауи трендтерге сәйкес оқушының дағдылары мен құзыреттерін анықтайды;
2) өзінің кәсіби қызметінде вербалды және бейвербалды құралдарды қолданады;
3) шешендік өнер, ата-аналармен және балалармен тиімді қарым-қатынас жасау дағдыларын меңгереді;
4) цифрлық технологияларды SAMR моделінің деңгейлеріне сәйкес қолдануға арналған тапсырмалар әзірлейді, тиімді онлайн құралдар мен сервистерді тәжірибе жүзінде қолданады;
5) білім беру процесінде оқытудың белсенді әдістерін, құралдық сауаттылық әдістерін қолданады.
Курс көлемі: 40 академиялық сағат.