«Физика сабағында бейімді-белсенді оқыту» педагогтердің біліктілігін арттыру курсы
Бағдарламаның мақсаты: бейімді-белсенді оқытуды сапалы жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту.
Бағдарламаның міндеттері:
- физика пәні мұғалімдерінің дербестендірілген оқыту туралы теориялық білімін өзектендіру және оның даралап оқыту мен бейімделген оқытудан ерекшеліктерін қарастыру;
- бейімді-белсенді оқыту тұжырымдамасын және оны педагог тәжірибесінде іске асыру ерекшеліктерін зерделеу;
- «CogBooks» дербестендірілген онлайн платформасын қарастыру;
- 11-12-сыныптардағы «Физика» пәнін оқытуда CogBooks платформасы арқылы оқушылардың үлгерімін талдау және бағалау бойынша тұжырым (интерпретация) жасау дағдыларын қалыптастыру;
- пәнді оқытуда бейімделген оқыту мен белсенді оқыту жүйесін интеграциялауға ықпал ету.
Күтілетін нәтижелер:
Тыңдаушылар:
- әрбір оқушыны білім алуға тарту үшін тиімді және жеке оқу траекторияларын қамтамасыз ететін дербестендірілген оқыту жүйесіндегі бейімді-белсенді оқытудың орны мен рөлін айқындайды;
- оқу процесінде белсенді білім беру платформаларын, оның ішінде CogBooks дербестендірілген онлайн платформасын қолданады;
- CogBooks платформасы арқылы оқушылардың үлгерімін талдау және бағалау негізінде оқуда қиындықтары бар оқушыларды анықтайды;
- оқу бағдарламасын барлық оқушылардың ойдағыдай меңгеруі үшін жеке оқу траекториясын жоспарлайды;
- пәнді оқытуда бейімді-белсенді оқыту жүйесін ықпалдастырады және бейімделген платформаны қолдана отырып сабақ жоспарлайды.
Курс көлемі: 40 академиялық сағат.
