Курсқа қабылдауды баптау


«Баланы ерте дамыту бағдарлары» мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің біліктілігін арттыру курсы

Бағдарламаның мақсаты: баланы ерте дамыту процесінің тұтастығын қамтамасыз ету үшін мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің кәсіби құыреттілігін жетілдіру. 

Бағдарламаның міндеттері:

1) заманауи білім берудің талаптарына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту бағдарларын анықтау; 

2)  МДҰ педагогінің мәдени нормаларын зерделеу, өз тәжірибесін зерттеу әрекетінің ерекшеліктерін анықтау;  

3) «Ойын арқылы оқыту» принципі негізінде әрбір баланың қызығушылығы мен қажеттіліктерін ескере отырып дамытуға бағытталған мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың педагогикалық тәсілдемелерін айқындау; 

4) мектеп жасына дейінгі балалардың толыққанды дамуы үшін үйлесімді, мейірімді, дамытушы, инклюзивті орта қалыптастырудың маңыздылығы туралы түсінік қалыптастыру;

5) ата-аналармен және ата-аналар қоғамдастығымен сындарлы әріптестік қарым-қатынас орнату дағдыларын дамыту;  

6) өмірлік маңызы бар дағдыларды қалыптастыруға бағытталған ойындар арқылы балаларды тәрбиелеу мен оқытуды жоспарлау саласындағы дағдыларды дамыту.

Оқу нəтижелері:

Тыңдаушылар:

1) ҚР заманауи мектепке дейінгі білім берудің бағдарларын анықтайды; 

2)  балаларды тәрбиелеу мен оқытудағы педагогтің кәсіби әдебінің мән- маңызын және зерттеу қызметінің маңыздылығын түсінеді;  

3) әрбір баланың қызығушылығы мен қажеттіліктерін ескере отырып, өз тәжірибесінде ойын арқылы тәрбиелеу және оқыту процесін ұйымдастырады;

4) баланың әлеуметтік және эмоционалдық игілігі үшін заттық-кеңістіктік ортаны құрады және бағалайды;

5) әріптестік қарым-қатынастар орнату арқылы ата-аналармен және ата-аналар қоғамдастығымен ынтымақтастықты қамтамасыз етеді;

6) балаларды тәрбиелеу мен оқыту процесін талдайды және жоспарлайды.

Курс көлемі:  170 академиялық сағат

Guests cannot access this course. Please log in.