«Оқушылардың әлеуметтік дағдыларын дамыту: отбасы, мектеп, мансап» педагогтердің біліктілігін арттыру курсы
Бағдарламаның мақсаты: Тыңдаушылардың білім беру ұйымдарында кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізу, мектептегі оқу-тәрбие процесі жағдайында оқушылармен, педагогтермен, мектеп әкімшілігімен және ата-аналармен тиімді өзара әрекеттестік орнату арқылы қақтығыстардың алдын алуға, қақтығыстық жағдайларды шеше білу бойынша кәсіби құзыреттілігін арттыру.
Бағдарламаның міндеттері:
1) болашақта сұранысқа ие болатын мамандықтарға сәйкес кәсіптік бағдар және қақтығыстарды шешу мен реттеу туралы түсінік беру;
2) кәсіптік бағдар беру және қақтығыстық жағдайларды шешуде қолданылатын әдістер мен тәсілдерді меңгеруге ықпал ету;
3) мектептегі оқу-тәрбие процесі субъектілерімен тиімді қарым-қатынас жасау дағдыларын меңгерту;
4) білім алушының мамандық таңдауын және тұлғалық даму моделін қалыптастыру мен жүзеге асыру бойынша ата-аналармен бірлескен жұмысты жоспарлауды үйрету.
Оқу нәтижелері:
Тыңдаушылар:
1) болашақта сұранысқа ие мамандықтарға сәйкес кәсіптік бағдар жұмысын ұйымдастырудың маңыздығын және қақтығыстық жағдайларды басқарудың практикалық тәсілдерін орынды қолданудың маңыздылығын түсінеді;
2) мектептің оқу-тәрбие процесінде қақтығыстарды шешу әдістері мен тәсілдерін қолданады және білім алушының қабілеті мен кәсіптік бағыттын анықтау диагностикасын жүргізеді;
3) кәсіби қызметі барысында қақтығыстарды басқару техникасын қолданауды меңгереді;
4) мамандық таңдауда білім алушының тұлғалық даму моделін құруда және оны жүзеге асыруда ата-аналармен бірлескен жұмысты жоспарлайды. Мектептегі оқу-тәрбие процесінің субъектілерімен тиімді қарым-қатынас орнатады.
Курс көлемі: 80 академиялық сағат
ПШО филиалдарының контактілері https://sdo.cpm.kz/local/staticpage/view.php?page=03_11