Курсқа қабылдауды баптау


«Эссе жазу»  педагогтердің біліктілігін арттыру курсы

   Бағдарлама тыңдаушылардың эссе жазу дағдыларын дамытуға, оларды эссенің академиялық  жазалым ретінде мақсаттарымен, міндеттерімен, құрылымымен, мазмұнымен және оны тексеруге арналған бағалау критерийлерімен таныстыруға бағытталған. Курсты оқу ұзақтығы Бағдарламаға қосымша берілген оқу жоспарына сәйкес 40 академиялық сағатты құрайды.

Бағдарламаның мақсаты: тыңдаушылардың эссе жазуға үйрету және оны бағалау аспектілері бойынша практикалық дағдылары мен теориялық білімдерін дамыту.

Бағдарламаның міндеттері:

1) тыңдаушылардың эссе жазуға үйретудің теориялық аспектілері туралы білімдерін кеңейту;

2) эссе түрлерін сапалы жазуға дайындайтын тәсілдер мен техникаларды зерделеу және талдау;

3) бағалау критерийлеріне сәйкес эссені бағалау тәсілдерімен танысу.

Оқу нәтижесі:

Тыңдаушылар:

1) эссенің түрлері, мақсаттары, жанрлық, құрылымдық ерекшеліктері туралы білімдерін кеңейтеді және жүйелейді;

2) эссенің әр түрінде оқушылардың өз ойларын жеткізе білуін дамыту әдістерін біледі;

3) бағалау критерийлерін негізге ала отырып эссені талдау және бағалау дағдыларын меңгереді.


Самостоятельная запись