«География» және «Жаратылыстану» пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру
Бағдарламаның мақсаты: оқу бағдарламаларын жаңарту және критериалды
бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін
жетілдіру.
Бағдарламаның міндеттері:
1) тыңдаушылардың пәндер бойынша оқу бағдарламаларын білуін қамтамасыз ету;
2) педагогикалық тәсілдер мен оқу бағдарламаларына сәйкес материалдарды қолдануды үйрету;
3) оқу бағдарламаларына сәйкес оқу мақсаттарына жету үшін критериалды бағалау жүйесін қолдануды үйрету.
Оқу нәтижелері:
1) мұғалімдердің оқу бағдарламаларының құрылымын, мазмұнын, мақсаттары мен міндеттерін білуі және түсінуі;
2) мұғалімдердің оқу бағдарламаларына сәйкес педагогикалық тәсілдерді, оқу материалдарын пайдалана білуі;
3) мұғалімдердің оқу бағдарламаларға сәйкес оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін критериалды бағалау жүйесін түсінуі және оны қолдануы.
Курс көлемі: 80 академиялық сағат
Курс бағасы: 16000 теңге
Бағалаумен: 19900 теңге
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!!
Курс синхронды форматта (нақты уақыт режимінде) өтеді. Күн сайын орындалған тапсырмалар мен жекелеген мәселелерді талқылау бойынша вебинар өткізіледі.
Сертификат алу үшін келесі талаптарды орындау қажет:
- тренердің барлық вебинарына белсенді қатысу;
- күнделікті тапсырмаларды орындау;
- бағалау процесінен өту.
Егер Сізде «География» және «Жаратылыстану» пәндері бойынша орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында педагог кадрлардың біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламалары бойынша сертификатыңыз болса, бұл курс Сіз үшін міндетті емес.
Төлем бетіне өтпес бұрын алдымен өз аймағыңыздағы Педагогикалық шеберлік орталығының (ПШО) филиалына хабарласыңыз.
ПШО филиалдарының контактілері https://sdo.cpm.kz/local/staticpage/view.php?page=03_11
