Курсқа қабылдауды баптау

Өзгеріс көшбасшылары: заманауи колледжді басқаруға жаңаша көзқарас (болашақ басшыларды даярлау)

Бағдарламаның мақсаты: көшбасшылық тұжырымдамалары негізінде Тыңдаушылардың колледжді тиімді басқару үшін қажет кәсіби-тұлғалық және басқарушылық құзыреттілігін дамыту. 

Бағдарламаның міндеттері:  

  • жаһандық сын-талаптар мен қазіргі әлемдегі өзгерістер жағдайында көшбасшылық феномені туралы білімді қалыптастыру және түсінікті дамыту; 
  • ТжКОББ дамытуда құндылықтарына бағдарланған оқыту мен тәрбиелеу тәсілдемесін іске асыру бойынша білім, дағдыларын жетілдіру; 
  • басшының имиджі мен жеке брендін қалыптастыру үшін көшбасшылық қасиеттерін, өзінің тұлғалық дамуын басқару дағдыларын дамыту;  
  • кәсіптік білім беруді дамыту үрдістерін ескеріп, басқарушылық міндеттерді тиімді шешу үшін көшбасшылық дағдыларды дамыту. 

Бағдарламаның күтілетін нәтижелері:  

Тыңдаушылар 

  • жаһандық сын-талаптар мен қазіргі әлемдегі өзгерістер жағдайында көшбасшылық феномені бойынша білімі мен түсінігін көрсетеді; 
  • ТжКОББ заманауи даму жағдайында құндылыққа бағдарланған оқыту мен тәрбиелеу тәсілдемелерін іске асыру дағдыларын меңгереді; 
  • көшбасшылық қасиеттерін көрсетеді және басшының имиджі мен жеке брендін қалыптастыру үшін өзінің тұлғалық дамуын басқаруға қабілетті болады; 
  • басқарушылық міндеттерді тиімді шешу үшін кәсіптік білім беру үрдістерін ескере отырып, көшбасшылық дағдыларын қолдана алады. 

Guests cannot access this course. Please log in.