Колледжде тарихты оқыту: басымдықтар және жетілдіру стратегиялары
Бағдарламаның мақсаты: педагогтердің оқу сабақтарында инклюзивті орта қалыптастыру, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту және тарихи ойлау дағдыларын бағалау үшін «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндері педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту.
Бағдарламаның міндеттері:
- тарихты оқытудың әдіснамалық және концептуалды негіздерін зерделеу негізінде тарихи ойлау дағдыларын дамыту;
- тиімді оқыту, функционалдық тұрғыдан дамыту және оқу сабағында инклюзивті орта қалыптастыру үшін «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндері бойынша оқу бағдарламаларының күрделі тақырыптарына шолу жасау және талдау;
- оқу мақсаттары мен оқу нәтижелеріне сәйкес білім алушылардың тарихи ойлау дағдылары мен функционалдық сауаттылығын бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу тәжірибесін жетілдіру;
- білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, тиімді оқыту стратегияларын қолдану негізінде оқу сабағын жоспарлау дағдыларын жетілдіру.
Күтілетін нәтижелер:
Курсты аяқтаған кезде Тыңдаушылар:
- тарихты оқытудағы әдіснамалық және концептуалды тәсілдемелерді зерделеу негізінде тарихи ойлау дағдыларын дамыта алады;
- функционалдық тұрғыдан дамытуды және оқу сабақтарында инклюзивті білім беру ортасын қалыптастыруды ескере отырып, «Тарих» пәні бойынша пәндік білімін тереңдетеді және оқу бағдарламасының күрделі тақырыптарын талдай алады;
- тарихи концептілер негізінде білім алушылардың тарихи ойлау дағдылары мен функционалдық сауаттылығын бағалауға арналған практикалық тапсырмалар әзірлейді;
- оқытудың тиімді стратегияларын қолданып және білім алушылардың білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, оқу мақсаттары мен оқу нәтижелеріне сәйкес оқу сабақтарын жоспарлайды.
